ШҚО-да алты жасар бала бетон плиталар арасында қысылып қалды

242
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жергілікті тұрғындар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бетон плиталардың арасында қысылып қалған алты жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға Ақсуат ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бала бетон плиталардың арасына кіріп кептеліп қалған.

"Алдымен плиталарды бөлшектеу үшін жүк тиегіш пен кранды шақырамыз дедік. Алайда бала қатты жылағандықтан жүк тиегішке уақыт жұмсамайық деп, 18-ӨСБ жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "МҮ проект" кәсіпорнының шебері Азамат Дүзкеев бетонға жақындап қысылған баланы алып шықты", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлерінің сөзінше, бала ешқандай жарақат алмаған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ата-аналарды балаларына жақсылап қарауға шақырады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.