Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасын әжетханаға кіргізіп ұрып-соққан

1 548

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҚызылордада мектеп оқушысы сыныптасын ұрып, денсаулығына орта деңгейде зиян келтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқушы қатарласын әжетханаға кіргізіп ұрған. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, құқық бұзушы бесінші сабақ біткен соң кәмелетке толмаған қатарласын әжетхана ішінде оң жақ бет тұсынан ұрған. Жәбірленушіге сот медициналық сараптама тағайындалып, оған денсаулығына орта деңгейдегі зиян келтірілгені анықталды”, – делінген хабарламада.

Оқушының ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның ата-анасына 55048 теңге көлемінде айыппұл салды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.