Алматы облысында атымен бірге суға батып кеткен шопанның денесі табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысындағы Талғар ауданында жылқысымен бірге суға батып кеткен 53 жастағы шопанның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, жылқысы бар адамды су ағыны алып кеткен. Бұл факт ресми түрде жазатайым оқиға ретінде тіркелген. Ведомство шопанның өлімінің барлық мән-жайын нақтырақ анықтау үшін шаралар қабылданылып жатқанын қосты.
Қаз
Рус






