Қызылордада жаппай төбелес орын алды

845

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында белгісіз біреулер төбелес шығарған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.




Оқиға 22 қаңтарда сағат 19:30-да болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес бірден тоқтатылған. Полиция бөліміне 8 ер адам жеткізілген.

22 қаңтар сағат 19:30-да Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында ер адамдар арасында жанжал болды. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде төбелес тоқтатылды. Полиция бөліміне 8 азамат жеткізілді.

Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандағы криминогендік жағдай тұрақты, - деді Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ганибек Курманалиев.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.