Соғысты қолдаған депутат Әбілдаевтың мәселесі арнайы кеңесте қаралмақ
254
Азат Перуашев Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған депутат Азамат Әбілдаевтың мәселесі арнайы кеңесте қаралып, саяси баға берілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысын "арнайы операция" деп атап, Ресейдің басқыншылығын қолдап, Украинаны "нацистер басқарып отыр" деген еді.
Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясының мүшесі, партия төрағасының орынбасары.
Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы және партиялық, депутаттық этиканы бұзып тұр. «Ақ жол» партиясы қашанда республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды. Депутаттардың тәртіптік мәселесі партияның ұлттық кеңесінің құзыретіне кіретіндіктен, депутат А.Әбілдаевтың сөздеріне саяси баға беру үшін ертең партияның ұлттық кеңесінің пленумы шақырылды, – деп жазған Азат Перуашев өзінің телеграм каналында.
Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысын "арнайы операция" деп атап, Ресейдің басқыншылығын қолдап, Украинаны "нацистер басқарып отыр" деген еді.
Мен Ресейдің президентін қолдаймын. Украинадағы арнайы операцияны қолдаймын. Осы жазға дейін Зеленскийді өзінің халқы ұстап, сотқа береді деп ойлаймын. Украинада билік басында ұлтшылдар отыр. Ресей жақтан да, Украина жақтан да соғысып жүргендерді жақсы танимын. Украинаның ар жағында Ресей жатыр. 600 метр. Кез келген ракетамен атса, Мәскеуге барады. Бұл ең алдымен олардың қауіпсіздігі, – деді депутат.
Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясының мүшесі, партия төрағасының орынбасары.