Жоспарлы сабағын өткізбей жалақы алып келген мектеп директоры жұмыстан қуылды

101

Астанадағы №49  мектептің директоры жыл бойы сабақ өткізбей жалақы алып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Оқшулардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.


"Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі. 


Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексерілетіні хабарланған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.