Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қызылордалық ұсталды

1 280

Фото: polisia.kzБірнеше ұрлыққа қатысы бар қызылордалық ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында полиция бірнеше мәрте ұрлық жасап, бөтеннің көлігін айдап кеткен 19 жастағы тұрғынды ұстады. Полицейлерге жергілікті тұрғын үйінің жанында тұрған Mercedes көлігінің ұрланғанын айтып, арызданған. Түскен арыз бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік ұрлаған азаматтың пәтер және бөтеннің мүліктерін ұрлағанын анықтады. Әккі ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінің есігін бұзып кіріп, ақша және алтын бұйымдар ұрлаған. Бұдан бөлек, азық-түлік дүкеніне жасаған ұрлығы да дәлелденіп отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.