ҚЫЗЫЛОРДА ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ «АПАТТЫ ҮЙДІ» ӘКІМ НЕГЕ КӨРМЕДІ?

4 085

Фото: Серік Ерімбетов Facebook парақшасынанЖуырда сайланған Қызылорда қаласының жаңа әкімі Серік Салауатұлы өз қызметін атқаруда білек сыбана   кірісіп кетсе керек, әуелі қаланың ішкі сипатымен жіті таныспақ болып, апатты деп танылған тұрғынүйлерді аралаған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Апатты деп танылған көпқабатты  үйлердің саны 51, оның 22-і Тасбөгет кентінде орналақан.Десек те, апатты үйлерде әлі күнге дейін тұрмыс-тіршілік жалғасуда. Жаңа әкімнің кезек күттірмейтін мәселеге ден қоюы баршаға жағымды жаңалық болғаны жасырын емес. Алайда әкімнің сырты бүтін, іші түтін болған қала орталығындағы үйлерге көңіл бөлмегені қалай? Бөкейханов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйлердің көше беті сыр бермесе де, аула беті адам шошырлық жағдайда. Қабырғалары жарылып, арасынан күннің көзі мен мұндалап сығалап-ақ тұр.

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Серік Ерімбетов өзінің Facebook парақшасында жариялаған болатын.

 


«Қызылорда. Бөкейхан көшесі √41 үй тұрғындары осы үйде тұрады. Сөз жоқ. "Тұрғын үй" КСК қарайды екен. Бір жылдары әктеп бастап тастап кетіпті. Стеналары трещина беріп жатыр, ішіне кірсеңіз шығуға асығамыз.Қызылорда Жкх , осы үй "Одежда" жақта орталықта тұр. Сыртын әйтеуір лаждап қойған екен, ал қора жақтан ,іші осындай жағдай. 

Халық пен биліктің арасындағы «делдалдар» Депаутаттар қайда?» деп жазды.

 

Апатты үйлерді азайту – алдағы күннің маңызды міндеті. Себебі, тозығы жеткен тұрғын үй қаланың көркіне ғана нұқсан келтірмейді. Сондай-ақ тұрғындардың өміріне де қауіпті.

Төбесі мен қабырғалары жарылып, іргетасы үгітіліп жатыр. Үйдің жағдайы күн санап нашарлап бара жатқан көрінеді. Тұрғындар бір күні төбесі опырылып, ортасына түсе ме деп алаңдаулы. Ал, жергілікті билік өкілдері апатты үй деп санамауына не себеп?