Елімізде иттерді соятын орын табылды

869

Полицейлер бұған дейін Қаскелеңде анықталған иттерді сою орнын тексеретін болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz


Бірер күн бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында белгісіз біреулердің иттерге арналған сою орнын ұйымдастырғаны туралы видио тараған еді. Қараусыз ғимаратқа келген еріктілер ол жерден пышақтарды, балталарды, өліктерге арналған ілмектерді, сондай-ақ иттердің қалдықтарын тапты.

"Аталған фактіні Алматы облысы Қарасай ауданы Полиция басқармасы назарға алып, ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.