Қызылордада қоғамдық көліктер қауіпсіздік талаптарына сай ма?
318
Қоғамдық көлік жетіспеушілігі аздай, халық игілігіне қызмет етіп жүрген көліктердің өртке орануы азаймауда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары қоғамдық көліктер жетіспеушілігін айтып әлек. Алайда, қалаішілік бағыттағы автобустар талапқа сай ма? Жасыратыны жоқ, жылдар бойына өңірімізде жолаушыларды тасмалдайтын қоғамдық көліктер басты мәселеге айналғалы біршама уақыт болды. Әлеуметтік желі мен әкімдік қабылдауында көп айтылатын тақырыптардың бірі болған «қоғамдық көлік» мәселесі.
Тұрғындардың қалаішілік тасымалдау бағытындағы қоғамдық көліктердің бір-бірімен оза жарысатындығын, жарты сағатқа жуық ұзақтығын, енді бірі тіпті кешқұрым тоқтамай кететіндігін жиі айтуда.
Күз келе күн суытқан кезде кейбір бағыттағы қоғамдық автобустардың басым бөлігі демалыс күндері былай тұрсын, жұмыс күндерінде де ерте тоқтайтындығы мен мектеп оқушыларының үлгермей жаяу қайтатындығы да жасырын емес. Қаладан шетте орналасқан мөлтек аудандар мен саяжай тұрғындары тасымалдаушы автобустарды уақытпен ғана жүретіндігін, тіпті сағаттап күтуге мәжбүр екендігін де жеткізуде.
Ал, қалалық бағыттағы көліктердің бақылаушысы “Қызылорда автобус паркі” ЖШС мекемесі жарыса жөнелген автобустарға байланысты:
Қоғамдық үлкен автобустар “Қызылорда автобус паркі” ЖШС мекеме иелігінде болса, ал шағын автобустар назардан тыс қалғаны ма?
«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мамандарының айтуынша,
Жеке мекеменің иелігінде қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің қауіпсіздік талаптарына сай ма, әлде сай емес пе бұл да басты мәселенің біріне айналуда. Қауіпсіздік шараларына сәйкес келмейтін автобустар да жолаушыларға қызмет көрсетуде. Тосыннан келетін апаттар орын алған жағдайда адам өміріне кім жауапты?
Осындай жайттардың бірі қаламызда жиі орын алуда. Олай деуге басты себеп, жолаушылар тасымалында жүрген көліктердің өртке оранып, көк түтін басып жатқандығы да жиілеп барады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 2 бірдей үлкен көлемді тасымалдау көлігінен өрт шыққандығы да жасырын емес.
Ал, кешегі күні «Астана» мөлтек ауданында орналасқан автобус аялдамасында күндізгі уақытта «Төтенше жағдайлар қызметіне» автобустың жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскендігі белгілі болды.
Адам тасымалдаушы көлік әрбір жанның өміріне жауапты екендігін де ескерген жөн. Өңірімізде қоғамдық көлік тапшылығы аздай, өртке оранып жатқан тасымалдау бағытындағы көлік саны да артып жатыр. Адам тасымалдаушы көліктеріміздің діттеген жеріне сақтықпен жетсе екен дейміз.

Мына екі маршрут бір-бірімен жарысып аялдамадағы адамдарға тоқтамай кетті. Жарты сағат күттік. Автобус паркі шара қолдансын!”,- деді ашынған жолаушы.
Ал, қалалық бағыттағы көліктердің бақылаушысы “Қызылорда автобус паркі” ЖШС мекемесі жарыса жөнелген автобустарға байланысты:
Көрсетілген видеодағы коғамдық көліктер "Қызылорда автобус паркі" ЖШС-не карамайтындарын және 1, 11, 14, 17, 18 бағыттарға кызмет көрсететіндігін жеткіземіз - деді мекеме қызметкері.
Қоғамдық үлкен автобустар “Қызылорда автобус паркі” ЖШС мекеме иелігінде болса, ал шағын автобустар назардан тыс қалғаны ма?
Газель жургізушілері құлақтарында телефон,бір-бірінің қайда жүргендерін сұрап, тоқтайтын аялдамаға жетпей, немесе асып кетіп тоқтайды. Ауыздары былапыт, музыканы бақыртып, бір-бірімен жарысады.
Дегенмен де, осыларды тоқтату керек емес пе, жеке екен деп адам өмірі ойыншық қылу мақсат па? Қанша халықты тиеп алып, ызғытып айдауына шара көрілсе. Жекемін деп өз ойына келгенді жасай бере ме? Адам өмірі ше?- деді Сайлаукүл есімді тұрғын.
Дегенмен де, осыларды тоқтату керек емес пе, жеке екен деп адам өмірі ойыншық қылу мақсат па? Қанша халықты тиеп алып, ызғытып айдауына шара көрілсе. Жекемін деп өз ойына келгенді жасай бере ме? Адам өмірі ше?- деді Сайлаукүл есімді тұрғын.
«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мамандарының айтуынша,
Қала әкімдігі тарапынан "Арғымақ Орда" ЖШС мекемесіне қоғамдық көліктерді көбейтіп, аралық интервалын жиілету, бағытқа жүру уақытын ұзарту, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету бойынша ескертулер берілді,- дейді.
Жеке мекеменің иелігінде қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің қауіпсіздік талаптарына сай ма, әлде сай емес пе бұл да басты мәселенің біріне айналуда. Қауіпсіздік шараларына сәйкес келмейтін автобустар да жолаушыларға қызмет көрсетуде. Тосыннан келетін апаттар орын алған жағдайда адам өміріне кім жауапты?
Осындай жайттардың бірі қаламызда жиі орын алуда. Олай деуге басты себеп, жолаушылар тасымалында жүрген көліктердің өртке оранып, көк түтін басып жатқандығы да жиілеп барады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 2 бірдей үлкен көлемді тасымалдау көлігінен өрт шыққандығы да жасырын емес.
Ал, кешегі күні «Астана» мөлтек ауданында орналасқан автобус аялдамасында күндізгі уақытта «Төтенше жағдайлар қызметіне» автобустың жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскендігі белгілі болды.
Оқиға орнына №4 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Мамандар барған сәтте қалаішілік №21 бағдарлы автобустың толығымен жанып жатқанын анықтады. Оған газ орнатылғаны белгілі болды. Сағат 11.07-де оқшауландырылып, 11.09-да толығымен сөндірілді. Көлік жүргізушісінің құжаттары толығымен жанып кеткен. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ, - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.