Тасжолда аударылған көліктен үш адам қаза тапты

1 524

Фото: © Видеодан скринҚарағанды - Балқаш тасжолында Chevrolet Cobalt автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы жол апатынан көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

 Жол-көлік оқиғасы 18- ші наурыз күні Астана - Қарағанды - Алматы автожолының бойында, Балқаштан- Қарағанды бағытына қарай Ақшатау кентінен шамамен 40 шақырым жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ұзаққа созылған бұрылыста жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған. Видео авторы жүргізуші рөлде отырып қалғып кеткен болуы мүмкін деген болжам айтады.

Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге және жылдамдықты асырмауға шақырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.