16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

1 548

БҚО-да 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мой город» мәліметінше, қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер тек оның өлімін тіркегенін жеткізді. 


БҚО полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылған.


Ауыл әкімдігі бұл отбасының тыныш болғанын, ешқандай есепте тұрмағанын мәлімдеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.