"Балабақшалар химиялық қоспалар арқылы балаларға ауру жұқтыруда": Желіде таралған ақпарат қазақстандық ата-аналарды шошытты

433

Әлеуметтік желілерде балабақшадағы санитарлық өңдеу кезінде химиялық қоспаларды шашып жатыр деген бейнежазбалар тараған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.


ҚР ДСМ санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздің балабақшалары мен мектептеріндегі санитарлық өңдеудің қауіпсіз екенін айтты. 

"Барлық балабақшалар мен мектептер мемлекеттік бақылаудан өткен, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған препараттармен ғана дезинфекцияланады. Олар бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қолданылады. Және бұл заттар қауіпсіз",- деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін де қоғамдық орындарда зиянды заттар тарату туралы қауесеттер болған еді. Ал желіде тараған видеода қай жердің балабақшасы екені көрінбейді және химиялық заттардың қолданылғанын айқындайтын нақты дәлел жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.