ШҚО-да қайтыс болған зейнеткердің мәйіті пәтерде 8 күн жатқан

337
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қайтыс болған зейнеткердің мәйіті пәтерде 8 күн жатқан- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Глубокое ауданы Опытное поле ауылындағы көпқабатты үй тұрғындары полицияға подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғанын хабарлаған. Бұл иіс жалғызбасты қарт әже тұратын пәтерден сезілген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен.

«Белгілі болғандай, зейнеткер қайтыс болып, мәйіт пәтерде 8 күн жатып қалған. Жалғызбасты әженің ешкімі болмаған. Марқұмға қарсы ешқандай қылмыстық әрекет жасалмаған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әкімдік дезинфекция шараларын жүргізгенімен подъез ішінен иіс әлі кетпей тұр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.