Елімізде енді жерлеуге берілетін біржолғы төлем автоматты түрде тағайындалады

1 650

Фото: Батыржан БеспаевЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жерлеуге арналған республикалық бюджеттен біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрлік енгізген өзгеріске сәйкес, порталға түскен біржолғы төлемді тағайындау туралы электронды өтініштер азаматтардың қабылдауға жазылу туралы өтініштерін электронды тіркеу журналына автоматты түрде тіркеледі.


Сондай-ақ ережеде өтініш берушінің келісімі алынған жағдайда "Е-макет" ААЖ азаматтардың жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы өтініштері тіркеудің электронды журналында автоматты түрде тіркелетіні жазылған. "Е-макет" ААЖ, одан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды өтінімді қабылдау туралы хабарлама жібереді.


Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру сәтсіз аяқталған жағдайда "Е-макет" ААЖ өтініш берушіге электронды өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны автоматты түрде береді.

Проактивті сервис арқылы немесе ААЖ "Е-макет" порталы арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау кезінде автоматты түрде:

  • электронды құжатты және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы электронды шешім жобасын қалыптастырады, уәкілетті мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ пайдалана отырып, электронды шешім жобасын бекітеді;
  • тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажет электронды құжатта мәліметтер болмаған немесе дұрыс емес болғанда жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қалыптастырады;
  • "ЦБР" ААЖ төлемге электронды шешім жобасын автоматты түрде береді.

Құжат 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.