Алматы облысында он жастағы бала картингте мерт болды

256
Алматы облысы Іле ауданында он жастағы бала картинг тебу кезінде мерт болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ұсынған алдын ала мәліметке сүйенсек, жасөспірім картинг тебу кезінде пластмасса блоктарды соғып, тұрақта тұрған ГАЗ-53 көлігіне соғылған. 


"Куәгерлер өзге картингпен соқтығысып, инерция салдарынан жол шетіне шығып кеткенін айтады. Екінші картингті әйел басқарған. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді полиция департаментіндегілер.

Құқық қорғаушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.