ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ «КӨРІКСІЗ» ҮЙЛЕРІНЕ ҚАШАН КӨРІК БЕРЕДІ?

1 147

Қызылорда қаласы орталығындағы тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып жатқаны белгілі. Алайда қаламыздың тұрмысы төмен санаттағы тұрғындары тұратын аймақтардағы апатты деп танылған немесе апатты болсада апаттыға санала алмай жүрген үйлердің сиқы адам шошырлық. Олардың сыртын әспеттемек түгілі, жергілікті билік мойын бұрып та қарауға шамасы жоқ сияқты.

Қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ құрылыс қалдықтарын тастау, ластау және нысан аумақтарын қалыпты жағдайда ұстамау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша аралау жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. 

Десекте, Тасбөгет кентіндегі Тасарық мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер қаламыздың эстетикалық талаптарына сай келмесе де көзге елемеуіне не себеп? Мұндай апатты жағдайда тұрған баспаналарда халық қалай күн кешуде?

Ал қаладағы ескі Темір жол ғимаратының аумағы шаһар көркін бұзуда. Темір жол бекетіне бағытталған баспалдақтардың бейнесі адам шошырлық. Өзге өңірден келген меймандарды мұндай көрініспен қарсы алу ұялтатыны анық. 

Ендеше толығырақ фоторепортаждар сөйлесін....

           

 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.