12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін
Динара Закиева ата аналарға 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балалар омбудсмені Динара Закиева Ақмола облысындағы қайғылы жағдай туралы ойын айтты. Кеше, 1 желтоқсан күні Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапқан. Динара Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда 15 өрттен балалар қаза тапқан. Балалар омбудсмені көбіне балалар үйде жалғыз қалатынын айтты.
Қаз
Рус






