Түркияда босқындарды қабылдауға қарсы жұрт бүлік шығарды

332
Түркия астанасында босқындарды қабылдауға қарсы халық бүлік шығырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Сириялықтардың елге қоныс аударуына наразы Түркия тұрғындары мигранттарға тиесілі дүкендерге, көліктерге және басқа да мүлікке шабуыл жасай бастады.

Анкарада сириялық босқын төбелес кезінде екі түрікті өлтіргеннен кейін шиеленіс күшейе түсті. Бұның соңы түріктердің Анкарадағы мигранттар тұратын аймаққа жаппай шабуылдарын күшейтті.

Әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен видеолардан полицейлер қоршауын бұзып, көліктерді сындырып, өртеп, дүкендердің терезелері мен үйлердің терезелеріне тас лақтырған адамдардың айқайлағанын көруге болады.

Reuters агенттігі мәліметінше, тәртіп сақшылары аспанға оқ атқан. 76 бүлікші ұсталды. Анкара полициясының мәліметінше, ұсталғандардың 38-інің қарақшылық, зорлық-зомбылық және пәтер тонауға қатысты қылмыстары болған.

Билік жергілікті тұрғындарды тыныштандыру үшін аймаққа арнайы жасақты жіберді, ал кейбір сириялықтар елді мекеннен эвакуацияланды. Бірнеше сағаттық қақтығыстан кейін тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қалпына келтірді.

Түркия шамамен 3,7 миллион сириялық босқындарды қабылдайды. Ал соңғы толқулар Ауғанстандағы қақтығыстар кезінде Ираннан Түркияға келетін ауған босқындарының санының өсуінен қорққандықтан болған.

Бұған дейін Еуропалық Одақ Түркияға 2024 жылға дейін сириялық босқындарды қабылдауды жалғастыру үшін 3,5 миллиард еуро беруді қарастырып жатқандығы туралы хабарланған болатын.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.