Қызылордадағы дәмханалардың бірінен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

168
Қызылорда қаласында дәмханадан телефон ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласы ПБ кезекші бөліміне 19 жастағы облыс тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, 19 қазан күні қала аумағында орналасқан дәмханалардың бірінде сағат 14:00 мен 15:30 шамасында сөре үстінде тұрған Oppo телефонын белгісіз біреу жасырын түрде ұрлап кеткен.  

Басқарма қызметкерлерінің, жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігінің, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлықтың ізі суымай ашылды. Ол 35 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. 


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.