Немересін квадроциклмен ойнатқан атасы өлтіріп алды

1 398

Фото: forvatorgroup.ruСолтүстік Қазақстан облысында атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.

«56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан квадроциклде отырған 4 жасар бала орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке қарай ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.