Немересін квадроциклмен ойнатқан атасы өлтіріп алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Солтүстік Қазақстан облысында атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаз
Рус






