Қызылорда тұрғыны 50 жыл бойы КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген

1 586

polisia.kzҚызылорда облысында 50 жылдан бері КСРО-ның паспортымен жүрген азамат жаңа жеке куәлігін алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесі қызметкерлері КСРО-ның 1974 жылғы ескі үлгідегі паспортымен жүрген азаматтарды анықтап, оларды барлық мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып тез арада құжаттандыру мақсатында жоспарлы іс-шаралар жүргізіп жатыр.


Қазалы ауданы тұрғындарынан КСРО-ның 1974 жылғы ескі үлгідегі қызыл паспортымен жүрген және уақытылы құжаттанбаған бір азаматтан өтініш түсті. Содан полиция қызметкерлері осы азаматтың Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы жөнінде құжаттар жинақтап, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді.


Осылайша, облыс тұрғыны жаңа жеке куәлігін алды. Аудан тұрғыны Қазалы ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс айтты.


Қазір Ішкі істер министрлігі азаматтарға жеке куәліктердің жаңа түрін бере бастады.