Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға тегін әскери техника береді

546
Сенат депутаттары Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери көмек көрсету туралы бірнеше келісімді ратификациялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылғы 2 наурызда Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

– Келісім қырғыз тарапына әскери мүлік, оқ-дәрілер мен арнайы техниканы бір реттік беруді қарастырады. Әскери техниканы Қырғыз Республикасының Қойташ ауылына автокөлікпен жеткізу шығындарын – қазақстандық тарап қамтамасыз етеді және өз мойнына алады. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бермейді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев.

Ол Қырғыз Республикасына әскери мүлікті беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйіне әсер етпейтінін атап өтті, өйткені көмек Қарулы Күштердің биылғы жәрдемақысының артық қорынан беріледі.
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әскери-техникалық көмек көрсету туралы екінші үкіметаралық келісімге 2021 жылдың 17 сәуірінде қол қойылған. Құжатта әскери мүлікті, атап айтқанда, оқ-дәрілерді тәжік тарапына бір реттік беру қарастырылған.

– Қазақстандық тарап әскери техниканы Жамбыл облысының Отар станциясынан Душанбе қаласына темір жол көлігімен жеткізу шығындарын қамтамасыз етеді және өз мойнына алады. Тәжік тарапы алынған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тұлғаға бермейді. Айта кету керек, әскери мүлікті Тәжікстан Республикасына беру Қазақстанның жауынгерлік әзірлігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйіне әсер етпейді, өйткені көмек Қарулы Күштердің биылғы жәрдемақысының артық қорынан беріледі, – деді Руслан Шпекбаев.