Қызылордада 1,6 млн теңгелік күрделі ота тегін жасалуда

2 314

Фото: ӘМС қорының Қызылорда облысы бойынша филиалыҚызылорда қаласында тізе және жамбас буындарын алмастыру бойынша пациенттер хирургиялық араласудан бастап медициналық оңалтуға дейінгі ем-домды тегін ала алады. Мұндай жағдай МӘМС жүйесі арқылы сақтандырылған адамдар үшін қарастырылған. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы жария етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Эндопротездеу — ең жиі жасалатын ортопедиялық оталардың бірі. Бұл отада зақымдалған буын жасанды имплантпен алмастырылады. Жоғары технологиялық ота қор есебінен қаржыландырылады.ша филиалы

— Қызылорда қалалық көпбейінді ауруханасында МӘМС аясында жыл сайын 100-ге жуық осындай ота жасалады. Біреуінің құны — шамамен 1,6 млн теңге. Отадан кейін пациенттер стационарлық оңалтудан өтеді. Бұл қызмет түрлері МӘМС жүйесі арқылы тегін, — деді аурухананың травматолог-дәрігері Еркебұлан Молданазаров.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.