Алматыда ертең қар жауып, күн суытады
495
Синоптиктердің болжауынша, Алматыда 6 қазан күні қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазгидрометтің дерегі бойынша, Алматыда қар жауып, ауа температурасы - 3-5° дейін төмендейді.
"5 қазан күні Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні - 0-5 м/с шамасында. Ауа температурасы түнде - 3-5, күндіз +13-15 градус жылы. Ал 6 қазанда жауын-шашын болады, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде - 0-2, күндіз +4-6 градус жылы. 7 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м /с. Ауа температурасы түнде -2-4 градус суық, күндіз +2-4 градус жылы",- деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.