Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек береді
1 506
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек беретінін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тоқаев солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатқанын еске салды. Сондай-ақ Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз екенін айтты.
“Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар соғыс азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым.
Ондаған жыл бойы шешімін таппаған өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық көрсету және лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес. Қазақстан мұндай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез-келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау маңызды", – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Газа секторында қаза тапқандар саны 9061-ге жетіп, 32 мыңнан астам адам жарақат алды.