Мектеп түлектері мінген көлік жол апатына ұшырады

1 656

Фото: инстаграм @kris.p.oralЖамбыл облысында жантүршігерлік жол апатында үш адам дене жарақатын алып, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2024 жылғы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан трассада болған.


“Тойота Камри" маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікті жүргізген 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.