Суға түсу қауіпсіздігін бұзғандар 62 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі

1 523

astanatv.kzЕлімізде судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе артқан. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«Жыл басынан бері заң бұзушыларға жалпы сомасы 62 млн 608 мың теңгеден асатын сомадағы айыппұлға 9 мыңға жуық хаттама толтырылды», - деді Ақылбек Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Биыл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша «Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін» әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 7 есе ұлғайған.

Сонымен қатар, комитет төрағасының орынбасары шомылу маусымы басталғалы 70 адам суға кеткенін хабарлады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.