Полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қаз
Рус






