Полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 573

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

gov.kzАлматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Талғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген.


«Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқық бұзушылар тәртіп сақшысын балағаттады. Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді», - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.