Полиция қызметкері жасөспірім қызбен интимдік хат жазысқан
Абай облысында жасөспірім қызбен интимдік хат жазысқан полиция қызметкері жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Абай ауданында полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін қызметінен босатылды. Ол жасалған құқық бұзушылыққа қатысты жазаны өте қатыгез деп санап, сот арқылы өз қызметін қалпына келтіруді сұрады. Алайда Семей қалалық соты, одан кейін облыстық сот оның арызын қанағаттандырмады.
2023 жылдың 31 шілдесінде Шар қалалық ПД бастығының орынбасарына жергілікті тұрғындармен кездесуі барысында Наталья есімді тұрғын шағымданған. Әйелдің айтуынша, 2005 жылы туған жиенімен кездесіп, қызметтік қажеттіліктер үшін ұялы телефон нөмірін сұраған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Б.Ербол жасөспірімге әдепсіз хабарламалар жазған.
Инспектор жасөспіріммен хат жазысқанын мойындады. Қызметтік тәртіп пен этикалық нормаларды өрескел бұзғаны үшін ол қызметінен қуылды.
Ербол Б. өзінің жұмыстан босатылуын әділетсіз деп санап, қызметке қалпына келтіруді, сондай-ақ мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған кезеңдегі жалақысын төлеуді талап еткен. Оның пікірінше, кәмелетке толмаған қызбен интимдік хат алмасу қызметтік тәртіпті өрескел бұзу және құқық қорғау органының беделін түсіретін құқық бұзушылық емес. Бірақ бірінші және екінші сатыдағы соттар экс-полицейдің арызын қанағаттандырмады.