"Туған ағамның баласы": Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін қызметінен кетті

441
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шаменова баспасөз конференциясын өткізді. Жиын барысында шенеунік өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі Facebook-тегі парақшасында.

Өз сөзінде Балжан Мөрәліқызы 2021 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметіне атқарып келе жатқанын, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты болғанын айтты. Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бастап, экономика, қаржы саласына жетекшілік етуді қосымша жүктегінін атап өтті.

"Дегенмен сәуір айынан бастап туған ағамның баласы Асылбек Шәменов қала әкімі ретінде қызметке келгенін жақсы білесіздер. Асылбек Шәменовтің Жалағаш ауданы әкімі болған кезеңде маған тікелей бағыныстылығы жоқ болғандықтан, бұл жерде заңға қайшы әрекеттер орын алған жоқ. Бірақ, сәуір айынан бастап, қаржы саласына жетекшілік ететіндіктен және інімнің қала әкімі қызметіне келуі себепті мен облыс әкімінің орынбасары қызметінен кету туралы шешім қабылдадым.
Дегенмен мен қай кезде де Сыр елінің дамуына бар күш-жігерімді салуға дайынмын. Әрбір мемлекеттік қызметші туған жеріне жанашырлықпен қарайды және аймақтың дамуына барын салып қызмет етед
і", - дейді Балжан Шаменова.


Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңір басшысы актив отырысында Балжан Шаменованы құрметпен шығарып салған.

Нұрлыбек Нәлібаев Балжан Шаменованың аймақ үшін жасаған игілікті істерін атап өтіп, өңірдің дамуына қосқан еңбегі үшін "Құрмет" грамотасын табыстаған.

Балжан Шаменова енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қызмет ететін болады.