Шетелдік турист Қазақстандағы көрікті орындардың бірін шошқа қораға теңеді

468

Қазақстандағы көрікті жер саналатын Асы үстірті шетелдік туристің сынына ұшырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Турист қыз табиғат аясындағы жағымсыз көріністі желідегі парақшасында жариялады.


«Асы үстірті – сіздердің еліңіздің інжу-маржаны, бірақ бұл жерлерді шошқа қора сияқты ұстасаңдар, турларыңнан не пайда? Жұмыс күндері тазалауға барып, бірнеше дәретхана орнатуға болады ғой ? Сіздер осы табиғат аясына көп адам апарасыздар, демалыс күндері бұл жерге 1000-1500 адам жиналады, шынымен де жиналып, бұл мәселелерді шешу мүмкін емес пе?», - деп жазды ол елдің турфирмаларына бағыттап.


Алматы облысының әкімдігі қыраттың қоқыс ошағына айналуына қатысты түсініктеме берді.


«Демалыс күндері 11-13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылды. Бұл табиғаттың ластануына әкелді. 15 тамызда туристер қалдырған қоқыстарды тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық саябағының өкілдерімен бірлесіп сенбілік өткізді. Аталған шараға 43 мың адам тартылды. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазартылды», - деп ақталды шенділер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.