Мүмкіндігі шектеулі әйел алаяқтың құрбаны болды

1 331

Фото: istockphoto.comАқмола облысында мүмкіндігі шектеулі әйел алаяқтың құрбаны болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, II топтағы мүгедектігі бар 33 жаста әйел 12 қаңтарда серуендеуге шығып, көп ұзамай байланысқа шықпай қалған. Кейіннен қыздың Қатаркөл ауылында белгісіз ер адаммен жүргені анықталды. 14 қаңтарда қызы анасына көліктері сынып қалғанын айтып, фотосурет жіберген. Алайда арада аз уақыт өткен соң онымен байланыс мүлдем үзілген.

Белгілі болғандай, сол ер адам қыздың Samsung Galaxy A12 телефонын жымқырып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында қаскүнемнің ұялы телефонды ғана емес, мобильді банкингке кіру деректерін де иемденгені белгілі болды.

Ол алаяқтық жолмен қыздың шотынан 201 755 теңге көлемінде несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жаратқан. Зардап шеккен қыздың анасы бірден полицияға арыз жазды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.