Қызылордада танысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген күдікті ұсталды

944

Қызылордада танысын қорқытып, жыныстық қатынасқа түсуді талап еткен күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицияға 22 жастағы бикеш танысының өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсуді талап ететінін айтып, арызданды.


Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.


Нәтижесінде кезекші тәулікте 28 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.


Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.