Ұлттық кітапхананың заңгері есептен шыққан көліктерді алаяқтық жолмен алып бермек болған

673

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық кітапхананың заңгері жәбірленушілерді "Самұрық-Қазына" қорына жұмысқа орналастырып беремін деп сан соқтырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

2023 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағының 4-тармақшасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген сот қаулысында.


Соттың мәліметінше, Ұлттық кітапхананың заңгері жәбірленушілерге нарықтан төмен құны бойынша есептен шығарылған автомобильдерді сатып алуға көмектесетінін және "Самұрық-Қазынаға" ақыға жұмысқа орналасуға жәрдемдесе алатынын айтқан. 

Келтірілген шығын көлемі – 3,3 млн теңге.

Бұрынғы заңгер өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеуге уәде берген.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.