«Жан-жақтан қысым жасалып жатыр»: Шерзаттың адвокаты тосын мәлімдеме жасады

2 453

Фото: orda.kzШерзаттың ісін алғалы маған жан жақтан жасырын қысым жасалып жатыр.

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты, заңгер Мейірман Шекеев қысым көріп жатқанын мәлімдеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шекеев оған қысым жасалып жатқанын айтып, қолдау сұрады. Оның сөзінше, бәрі Шерзаттың ісін алғалы басталған. 

- Шерзаттың ісін алғалы маған жан жақтан жасырын қысым жасалып жатыр. Бәріне сабырлықпен келе жатқан маған, енді біреулер басқаша әрекет етпек көрінеді. Шерзаттың апелляциялық сотына жібермеу мақсаты ма, әлде басқа ма – әзірге нақты білмедім. Десе де Астана қаласының судьясының маған айтпағанымды айттың деп, жеке ұйғарымдардағы уәждерді көзіңді бақырайтып қойып, ойдан құрастырғаны жайдан жай емес екені айдан анық, дейді адвокат. 

Оның сөзінше, сотталушылардың бірінің туысы министрлікте істейді деген ақпарат тараған. 

- Алдында сотталушылардың бірінің туысы министрлікте істейді дегенде мән бермеп едік. Алайда менің білуімше жел сол жақтан тұрып жатқан сияқты. Әділетті сот жоқ жерде, әділетті Қазақстанның иісі де шықпас. Тек мені артымда қолдаушы халық тұрғанда ешкім сындыра алмас деп ойлаймын!, дейді Шекеев. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.