17 млн теңгені заңсыз иеленген балабақша анықталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балабақшалардағы құқық бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аққайың, Тайынша аудандарының бала-бақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген, соның салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге көлемінде қаражат негізсіз төленді», - деп хабарлады прокуратура.
Облыстағы барлық дерлік балабақшада өрт және санитарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары жүйелі түрде бұзылған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды.
Қаз
Рус






