Әскери горнизонда сарбазға күш қолданып жағын сындырған

1 514

Фото: Pexels.comЖамбыл облысындағы Гвардей гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбазға күш қолданылып, жақ сүйегі сынып, ауруханаға түскен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалуда,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Сарбаз қазір Алматы әскери-клиникалық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Әскери полицияның бас басқармасы мәліметінше, іс Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық адамдардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ жарғылық емес қарым-қатынас дерегі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде хабар бермеген және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары да тексеріледі.

Тексеру кезеңінде бірнеше лауазымды тұлға қызметінен уақытша шеттетілген.

Ведомство өкілдері тергеу нәтижесінде кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын айтқан. Жағдай Қарулы күштер басшылығының бақылауында. Қосымша ақпарат әзірге жария етілген жоқ.       



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.