«ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

1 360

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.


Оқу-жаттығу осы жылдың 21-22 қарашасы аралығында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталады. Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 49 техника, 119 қызметкер қатысады. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

«Қыс-2024» республикалық штабтық оқу-жаттығуы елімізде төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында басталды. Бұл оқу-жаттығу халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде тиісті шараларды дер кезінде қабылдау үшін маңызды. Оның барысында мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар қызметтері үйлесімді жұмыс жасауға дайындықтарын тексереді.

Оқу-жаттығу аясында қысқы кезеңде болатын табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға, мысалы, қар көшкіндері, дауылдар, жол апаттары, электр энергиясының үзілуі және тағы басқа жағдайларға дайындық пысықталады. Сонымен қатар, халықты эвакуациялау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ қаржы мен материалдық ресурстарды бөлу процестері де тексерілуде.

Бұл шаралар азаматтық қорғау қызметтерінің іс-әрекетін пысықтауға және елдің төтенше жағдайларға әзірлігін күшейтуге бағытталған. «Қыс-2024» оқу-жаттығуының мақсаты — дағдарыс жағдайында үйлесімді әрекет ету арқылы халықты қорғауды қамтамасыз ету.