"Бір балаға 300 мың теңге": Балаларды мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсалады?
Қазақстанда жаңа оқу жылында 336 мың оқушы бірінші сыныпқа барады. Ата-аналар балаларына мектеп формасы мен оқуға қажетті керек-жарақтарын сатып әперіп жатыр. Ал сауда орталықтарында мектепке қажетті құралдардың бағасы шарықтап тұр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Астаналық Дильназ Кәрімованың қызы төртінші сыныпқа барады. Оның сөзінше, орташа алғанда бір балаға мектеп құралдарын сатып алу құны 300 мың теңге болды.
Астанадағы дүкенде ұл балаға арналған ақ көйлек 6500 теңге тұрады. Матадан жасалған жилеттің бағасы 4900 теңге. Шалбардың бағасы 7200 теңге. Қыздарға арналған киім бағасы да бірдей.
Қазір кеңсе керек-жарақтары дүкендерінде сатып алушылар жеткілікті. Ең алдымен сөрелерден рюкзактар алынады. Олардың бағасы ең алдымен өндірушіге байланысты. Мысалы, ең қымбат портфельдің құны – 32 000 теңге. Ең қарапайымын 6 мыңға сатып алуға болады.
Ең қажетті тауарлар қоржынына 12 парақтан тұратын дәптер кіреді. Біреуінің құны 25 теңге, 10 данасына 250 теңге береміз. Мектеп оқушысы қаламсыз жүре алмайды: шарикті қаламның құны 50 теңге. Бір қарапайым қарындаштың бағасы 30 теңге.
Сатушы-кеңесші Фариза Нұруа бастауыш сынып оқушыларына керекті нәрселердің құнына тоқталды.
Шамамен кеңсе тауарларына орта есеппен 30 мың теңгедей ақша керек болады. Киімге кететін шығын шамамен 100 мың теңге болуы мүмкін.