Ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастады

1 369

Фото: istockphoto.comАқмола облысында ер адам жанжал кезінде бұрынғы әйелін өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға Щучинск қаласында болған.

«11 ақпанда ер адам бұрынғы азаматтық некедегі жұбайына пышақ сұққан. Келіншек сол жерде қаза тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.

Щучинск қаласының тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.