Ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіАтырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін өртеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мақат ауданының Доссор кентінде орын алып, видео әлеуметтік желілерде тараған. Кадрлардан куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген. 


“1961 жылы туған азамат Б-ның 70% денесін күйік шалған. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жәбірленуші ауыр жағдайда. Оған барлық қажет медицина көмегі көрсетіледі”, – делінген хабарламада.


Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.