Қызылордада кептер ауламақ болған ер адам мектеп шатырынан құлап мерт болды

598

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысы Сырдария ауданында мектеп-лицейдің шатыры опырылып, бір адам көз жұмды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Оқиға 28 қаңтарда Қызылорда облысының Сырдария ауданында болған. Бұл туралы Facebook парақшасында тәуелсіз журналист Ұйтолған Жареке жазды.

Сырдария ауданында Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің төбесі құлады. Ғимарат ескі емес. 28 қаңтарда түнгі сағат 23:00-де мектеп электригі досын шақырып, кептер аулау үшін шатырға шығады. Алайда үш қабатты ғимараттың төбесі опырылып, содан біреуі жертөлеге құлап, мерт болды, – деп жазды ол.

Сырдария ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің ресми жауабында осы факті бойынша ауданның полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жазды.

ҚР ҚІЖК-нің 204-бабына сәйкес тергеу жариялауға жатпайды, – делінген жауапта.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.