Жылына 125 мың теңге: Қазақстандық балалар Ұлттық қордан қанша ақша алады

385

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50% жыл сайын балалардың шотына аударылатынын айтты, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Фото:  krisha.kz


Ғаламторда балалардың Ұлттық қор есебінен қанша қаржы алатынын есептеп көрді.


QazTrading Telegram-арнасының мәліметінше, Ұлттық қордың жылдық орташа табысы 3,17%-ға тең.

2021 жылы Ұлттық қордың инвестициялық табысы 3,4 миллиард доллар болған. Ал Қазақстанда барлығы 6 485 507 бала бар. 
 
Сәйкесінше жыл сайын әр баланың жинақ шотына 125 мың теңге түседі.

Ал қордың инвестициялық табысы артса, 18 жасқа дейін баланың шотына 2,5-3,5 миллион теңге түседі. 

Еске салайық, Қазақстан халқына жолдауында Тоқаев әр отбасының ел байлығынан өз үлесін алуы қажет екенін айтқан. Балалар жылы аясында ол "Балаларға арналған Ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды ұсынды. Бағдарлама аясында жиналған қаржыны келешекте тұрғын үй алуға немесе баланың білім алуына жұмсалатынын айтты. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.