Перзентханадан ұрланған сәби 16 жылдан соң отбасына оралды

456

Мексиканың Гвадалахара қаласында өзін медбикемін деп таныстырған әйел перзентханадан сәбиді ұрлап кетіп, ата-анасына қайтармаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

2005 жылдың желтоқсанында Розалия Лопес Сальвадор есімді ұл баланы дүниеге әкелген. Ол кезде жасы 22-де болған екен. Босанған соң біраз уақыт ауруханада болған әйелге күйеуі Ясир Масиас келіп тұрған.
 
Перзентханаға келген соң баламен оңаша қалған Масиасқа медбике келіп, сәбиді тамақтандыруға алып кетуі керек екенін айтқан. Розалия бұл кезде тынығып жатқан. Ерлі-зайыптылардың сөздерінше, осы кезде олар ұлдарын соңғы рет көрген.
 
Ұрланған нәрестені ұзақ уақыттан соң 16 жастағы Сальвадор бейнеленген фотороботтың көмегімен тапқан. Полицейлер мамандар жасаған фотороботтағы балаға ұқсас жасөспірімді байқап, одан ДНҚ сараптамасын алған. 

Нәтижесінде отбасы баласымен қайта қауышқан. Алайда қылмыс әлі толық ашылған жоқ. Бала ұрлау бойынша ешкім күдікке ілінбеген және тұтқындалмаған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.