«Коронавирус әсер етті»: Еңбек министрлігі әйелдердің зейнеткерлік жасының өсуін тоқтату шешімін неліктен қабылдағанын түсіндірді

266

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру шешіміне коронавирус пандемиясмының әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды. Олардың бірі - 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған арттыруды 5 жылға тоқтата тұру. Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсерін ескере отырып қабылданды”,- делінген министрлік сайтында.


Деректерге сай алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шараларды қабылдау көзделмек. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.