Тәліптер Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруы мүмкін - БАҚ

286
"Талибан" көшбасшылары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Foreign Policy басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, басқарушы кеңестегі ең ықпалды үш адам - "Талибан" ауған қозғалысының жетекшісі Абдул Ғани Барадар, ауған әскери қайраткері, молда Мохаммад Омардың ұлы Мохаммад Якуб, "Хаккани желісі" тобындағы жоғары дәрежелі тұлға, соңғы 20 жылдағы ең ірі террорлық шабуылдарды ұйымдастырушы, БҰҰ мен АҚШ-тың қара тізіміне енген Халил Хаккани

Ауғанстанды басқарудың бұл стратегиясы, "Талибан" қозғалысының бұрынғы басшылары, оның ішінде молда Омар да отыруды көздеген "президент" немесе "әмір" сияқты позицияларды қалпына келтіруге жол бермейтіні анық. Алайда мұндай стратегия фракциялық күреске жол ашады, басқарушы кеңестің орталығы Панжердегі халыққа тәліптерге қарсы күресуге мүмкіндік береді.
Басылымның ақпарат көздері мәліметінше, Талибан АҚШ-тың қолдауымен Ауғанстанның бұрынғы үкіметінің кейбір мүшелеріне министрліктен орын ұсынады. Содырлар халықаралық қоғамдастық мойындауы үшін әкімшілік құруға тырысады.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Ауғанстан демократиялық мемлекетке айналмайтынын айтқан. Лаңкестік қозғалыстың өкілдері жаңа ұлттық күш құруды жоспарлап отырғанын айтты, оның құрамына өз мүшелері де, оларға қосылғысы келетін ауған қарулы күштерінің бұрынғы ұшқыштары мен сарбаздары да кіреді.
Reuters агенттігі мәліметінше, террористік қозғалыстың билік құрылымы соңғы рет 1996-2001 жылдары тәліптер билікте болған кездегі басқару жүйесіне ұқсас болады. Ол кезде де жоғарғы көсем молда Омар көлеңкеде қалып, елді басқаруды кеңеске берген болатын.
Айта кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.
Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз - АҚШ әскерін елден шығару бойынша соңғы күн екенін мәлімдеген болатын.