Түркістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: railways.kzТүркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусым күні Шиелі – Түркістан аралығындағы учаскеде болған. Саратов – Алматы бағыты бойынша қатынайтын №7/8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.
"Оқиғаның салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді", – делінген хабарламада.

Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғаны, алайда олардың көмектен бас тартқаны атап өтілген. Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалып, жолаушыларды отырғызу және жөнелту жедел ұйымдастырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.